Accessibility links

Кишиневте шерушілер бірнеше көшені жапты


Кишиневтегі шеру. 4 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Кишиневтегі шеру. 4 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Молдова астанасы Кишиневте наразылық акциясына шыққан жұрт биліктегі коалиция құрамына кіретін партиялардың кеңселері жанындағы үш көшені жауып тастады. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, белсенділер жүз-жүзден үш топқа бөлініп Либералдық, Либералдық-демократиялық және Демократиялық партиялардың кеңсесіне апаратын көшелерді жапқан. Бұл партиялар - биліктегі альянс құрамына кіретін, Еуропамен жақындасуды қалайтын ұйымдар.

Шеру жетекшілерінің бірі, Молдова социалистік партиясы лидері Игорь Додон "бұл акцияның биліктегі партияларға ескерту екенін, олардың халық пікірімен санасуы қажет екенін" айтады.

Молдованың екі солшыл партиясы - социалистік партия мен «Наша партия» ұйымы 25 қыркүйектен бері наразылық шараларын ұйымдастырып келеді. Олар парламент пен ауыл шаруашылығы министрлігі ғимараттары алдында 300 шатыр тігіп жатыр. Наразылар президенттің биліктен кетуін, президент және парламент сайлауын ерте өткізуді, әскер басшыларын ауыстыруды, банк жүйесінен жоғалып кеткен 1 миллиард евроны қайтаруды талап етеді.

Осыған ұқсас талаптарды Еуропамен жақындасуды қолдайтын белсенділер де қойып отыр. Олар 6 қыркүйектен бері наразылық акцияларын өткізіп келеді.

XS
SM
MD
LG