Accessibility links

Беларусь ОСК: президент сайлауы заңды саналады


Беларусь президенті Александр Лукашенко ұлы Николаймен бірге дауыс беріп тұр. Минск, 11 қазан 2015 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко ұлы Николаймен бірге дауыс беріп тұр. Минск, 11 қазан 2015 жыл.

Беларусь президенті сайлауына, бүгін, қазанның 11-і күні жергілікті уақытпен түс мезгілінде сайлаушылардың 51 пайыздан астамы дауыс берді деп хабарлады елдің орталық сайлау комиссиясы.

Беларусь мемлекетінің сайлау туралы заңы бойынша, сайлаушылар тізіміне алынған азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан жағдайда сайлау өткен болып саналады. Ел президенті болып сайлануы үшін кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан көбінің қолдауына ие болуы шарт.

Беларусь президенті сайлауына бұл жолы төрт кандидат – Либерал-демократиялық партия жетекшісі Сергей Гайдукевич, «Говори Правду» азаматтық қозғалысы белсендісі Татьяна Короткевич, қазіргі ел президент Александр Лукашенко және Беларусь патриоттар партиясының жетекшісі Николай Улахович түсіп жатыр.

Бүгінгі сайлаудың алдын ала қортындылары дүйсенбіге қараған түні жарияланады деген болжам бар.

Дауыс беру күні қарсаңында оппозиция өкілдері Минскіде өткізген «Еркін әділетті сайлау үшін» атты митингіде «билік бұл сайлауда тағы да Лукашенконы жеңімпаз жасайтынын» айтып, ел азаматтарын бұл сайлауға бойкот жариялауға шақырған.

Александр Лукашенко Беларусь мемлекетін 1994 жылдан бері басқарып отыр.

Беларусь президенті сайлауынан видео:

Беларусь президенті сайлауы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:45 0:00

XS
SM
MD
LG