Ресей президенті Владимир Путин Сауд Арабиясының қорғаныс министрі шейх Мухаммад бин Салманмен кездесіп, Сирия дағдарысына қатысты екі ел ынтымақтастығын нығайту жайын талқылады. Салманмен кездескеннен кейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу мен Эр-Рияд Сириядағы дағдарысты реттеуде өзара іс-қимыл жасауға ұмтылатынын және "террорлық халифаттың" құрылуына жол бермеуге тырысатынын мәлімдеді. Лавровтың сөзінше, екі жақ бұл кездесу ынтымақтастыққа септесуі мүмкін екенін түсінеді.
Ресей осы айда Сирия президенті Башар Асад әскерімен соғысып жатқандарға қарсы әуе шабуылдарын бастаған. АҚШ билігі мен Таяу Шығыс аймағындағы Асад билігіне қарсы елдер Мәскеу "Ислам мемлекеті"экстремистік ұйымымен қатар ұстамды көтерілісшілер күштеріне де соққы жасап жатыр дейді.
АҚШ пен Сауд Арабиясы Сирияда қақтығыстан кейінгі уақытша үкімет құрамына Асад кірмеуі тиіс дейді. Бірақ Мәскеу бұл ұстаныммен келіспейді.