Accessibility links

Алматы үлескерлері наразылық шарасына шықпады


"Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаев.
"Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаев.

Алматыда үлескерлер қалалық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Рашид Дәулетовпен кездескеннен соң бүгін таңертеңге жоспарланған наразылық акциясын өткізбеді.

Дәулетов Есенбек Өктешбаев жетекші "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысы өкілдеріне "мәселелерімен айналысуға" уәде берген.

"Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының мүшелері Әуезов ауданында екі пәтерде тұрып жатқан адамдарды үйлерінен шығаруды заңсыз деп, бүгін Алматы әкімдігі алдында наразылық акциясын өткізбек болған. Үлескерлерді қолдауға Шымкенттен басқа да үлескерлер келген.

XS
SM
MD
LG