Accessibility links

Путин 15-16 қазанда Қазақстанға келеді


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин 15-16 қазанда Қазақстанға сапарлап келеді деп хабарлады бүгін Кремльдің баспасөз қызметі.

15 қазанда Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты, оның ішінде энергетика, транспорт, ғарышты зерттеу салаларындағы жобаларды іске асыру жайын талқыламақ. Екі ел президенті бұған қоса аймақтық және халықаралық кейбір мәселелерді де талқылап, бірқатар құжатқа қол қояды деп жоспарланған.

Путин 16 қазанда ТМД елдері басшыларының және Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына қатысады.

XS
SM
MD
LG