Әлемдік нарықта мұнай бағасы мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК-те қыркүйекте өндіру көлемі ұлғайғаны туралы хабардан соң арзандай бастады.
12 қазандағы саудада Brent маркалы мұнайдың қараша айына белгіленген бағасы 1,63 пайызға дейін арзандап, 52,06 АҚШ долларын құрады. WTI маркалы мұнай бағасы барреліне 2,26 пайызға арзандап, 48,51 долларға түсті.
ОПЕК-тің қазан айындағы есебі бойынша, ұйым қыркүйекте күніне өндірілетін мұнай көлемін 31,57 миллион баррельге дейін көбейткен. Иракта өндірілген мұнайды есептемегенде, ОПЕК өткен айда күніне 27,429 миллион баррель мұнай өндірген. Бұл - бұған дейінгі көлемнен 29 мың баррельге артық.