Ақмола облысының Ерейментау ауданы Тойбай ауылында жекеменшік үйде екі бала уланып қайтыс болды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент мәліметінше, екі және бес жастағы екі бала иіс тиіп көз жұмған. Иіс тиді делінген тағы үш адам Ерейментау аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.