Accessibility links

Азаптау ісіне қатысты экс-полицейлер үкімге шағымданды


Николай Синявин. Қыркүйек, 2014 жыл. Сурет отбасылық архивтен алынды.
Николай Синявин. Қыркүйек, 2014 жыл. Сурет отбасылық архивтен алынды.

Бүгін Қарағанды облыстық сотында Нұра ауданындағы мүгедек адамды азаптады деген айыппен әрқайсысы үш жылға сотталған бұрынғы үш полицейдің апелляциялық шағымы қарала бастады.

Шағымда сотталушылардың адвокаты Павел Фейст соттың алғашқы үкімін заңсыз деп тауып, күшін жоюды сұрайды. Адвокаттың пікірінше, алғашқы инстанциядағы сот үкім шығарар кезде кейбір куәгерлердің айтқанын ескермеген және жоғарғы соттың нормативтік-құқықтық актілерін елемеген. Фейст бұған қоса бұрынғы полицейлер Ахмет ауылының тұрғыны Николай Синявинді азаптамаған және азаптады делінген күні Ахмет ауылында мүлдем болмаған дейді.

Синявиннің мүддесін сотта адвокат Зухра Коптаева қорғайды. Оны Синявинге қазақстандық құқық қорғау ұйымдарының бірі ұсынған.

Николай Синявин бұрынғы үш полиция қызметкерін өзін азаптады деп айыптаған. Оның айтуынша, Нұра ауданындағы полиция бөлімшесінде өткен тергеуден соң мойын омыртқасы сынып, белі мен басына зақым келген. Синявин прокуратураға өтініш берген соң, қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары бір жылға созылды. Николай Синявин полицияның үш қызметкері өзіне «ұрлық жасадым деп мойындату үшін физикалық және психикалық зақым келтірді» дейді. 22 шілдеде бұрынғы полицейлер «алдын ала келісім бойынша топпен адам азаптады" деген айыппен үш жылға сотталды.

XS
SM
MD
LG