Accessibility links

Мәскеуде ИМ-нің күдікті мүшелері қамалды


Мәскеуде теракт жасамақ болды деген күдікке ілінгендердің бірі Эльман Ашаев. Мәскеу, 13 қазан 2015 жыл.
Мәскеуде теракт жасамақ болды деген күдікке ілінгендердің бірі Эльман Ашаев. Мәскеу, 13 қазан 2015 жыл.

Мәскеу соты қалада шабуыл жасауды жоспарлады деген күдікті үш ер адамды екі айға қамады. Сот шешімі бойынша, күдіктілер Аслан Байсултанов, Эльман Ашаев және Мохамед Межидов 12 желтоқсанға дейін қамауда болады және кепіл төлеп босап шығу құқығы жоқ.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников күдіктілер 11 қазанда Мәскеуде ұсталған ресейлік 11 азаматтың құрамында болғанын мәлімдеді. Ол Байсұлтанов Ресейге Сириядан Мәскеуде "теракт жасау үшін" келген дейді.

Бортников ұсталғандардың барлығы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының мүшелері немесе жақтастары болғанын айтады. Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің Сирияға әуе шабуылдарын бастауына себептердің бірі - ИМ тарапынан төнетін қауіп екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG