Accessibility links

АҚШ Камерунға әскер жөнелтіп жатыр


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама конгреске Камерунға 300 америкалық әскериді жөнелтіп жатқанын хабарлады. Обаманың сөзінше, әскерилер Камерунда "Боко харам" исламшыл эксремистік тобымен күреске жәрдемдесіп, әуеден және жерден барлау әрі бақылау операцияларын жүргізеді.

АҚШ 11 қазанда Камерунға 90 сарбаз жөнелткен. Вашингтон Нигерияға да "Боко хараммен" күресу үшін осындай әскери көмек көрсетіп жатыр.

Африкада "Боко харам" шабуылынан мыңдаған адам құрбан болып, бір жарым миллион адам босып кеткен. Ұйым содырлары бұған қоса жүздеген әйел мен қыздарды ұрлап әкеткен.

XS
SM
MD
LG