Accessibility links

Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше болды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны. (Көрнекі сурет).
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны. (Көрнекі сурет).

Украина, Египет, Жапония, Сенегал мен Уругвай БҰҰ-ның 15 елден тұратын Қауіпсіздік кеңесіне уақытша екі жылға мүше болып сайланды. Бес елдің ешқайсысына бәсекелес болған жоқ. Украина кеңесте Шығыс Еуропа елдерінің атынан сөйлейді.

Сайлау кампаниясы кезінде Киев Украина шығысындағы сепаратистерді қолдайтын Ресейдің вето қою құқығын шектеуге уәде еткен. Екі жылдық мандат 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл бес ел кеңестегі мандаты аяқталатын Литва, Чили, Иордания, Чад пен Нигерияны алмастырады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 14 тұрақты емес мүшеден және вето қою құқығы бар бес елден құралады. Вето қоюға құқығы бар елдер - АҚШ, Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания.

XS
SM
MD
LG