АҚШ президенті Барак Обама 9 мың 800 америкалық әскери қызметкер Ауғанстанда бұған дейін жоспарланғандай біртіндеп шығарылмай, 2016 жылдың соңына дейін қалатынын мәлімдеді.
Ақ үйде сөйлеген Обама америкалық әскерилердің Ауғанстандағы миссиясы өзгермейтінін және олар ауған әскерінің терроризммен күресіне көмектесе беретінін айтты. Обама бұған қоса 2017 жылы президенттік мерзімі аяқталғанға дейін АҚШ бұл елде 5 мың 500 әскер ұстайтынын да жеткізді.
Америкалық әскерилер Кабулден солтүстікке қарай орналасқан Баграм базасында, елдің оңтүстігіндегі Жалалабад қаласында және оңтүстіктегі Кандагар ауданында орналасады. АҚШ әскері ауған әскерін Ауғанстанда ықпалы артып бара жатқан "Талибан", "Әл-Қаида" және "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымдарымен күреске даярлайды. Обаманың айтуынша, әскерді қалдыра тұру шешімі ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты сарапшылармен және ауған үкіметі өкілдерімен кеңесе отырып қабылданған.