Accessibility links

Берлинде ИМ-ді "қолдауға шақырған" имам қамалды


Берлиндегі мешіттердің бірі. (Көрнекі сурет).
Берлиндегі мешіттердің бірі. (Көрнекі сурет).

Берлинде интернетте "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын қолдауға шақырды деген айыппен қаладағы Моабит ауданындағы мешіттердің бірінің имамы қамалды. 30 жастағы имам Гаджимурат К. - Ресей азаматы.

Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, имамға бұған қоса Сириядағы түрлі топтарға арнап қару-жарақ, оның ішінде түнде көруге арналған құрылғылар мен оптикалық нысана көздеуіштер мен алыстан көру құрылғыларын сатып алған деген айып тағылған.

Ресми мәлімет бойынша, имам мешіт қарайтын мұсылман қоғамдық ұйымы басшылығымен тығыз байланыста болған. Бұл ұйымның жетекшісі қаңтар айында Сирияда зорлық-зомбылық актісін жасамақ болды деген күдікпен ұсталған.

XS
SM
MD
LG