Accessibility links

Молдова экс-премьері тұтқындалды


Молдованың бұрынғы премьер-министрі Влад Филат.
Молдованың бұрынғы премьер-министрі Влад Филат.

Молдовада экс-премьер әрі бұрынғы еуропашыл басқарушы коалиция жетекшісі Влад Филат коррупциялық жанжалға қатысты тұтқындалды. Молдованың ұлттық антикоррупциялық орталығы оны 18 қазанға дейін тергемек. Егер сот экс-премьерді қамауға санкция берсе, ол сотқа дейін ұзақ уақыт қамауда отыруы мүмкін.

15 қазанда Молдова парламенті Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Филаттан қудаланудан қорғану құқығынан айырған. Парламенттің 101 депутатының 79-ы оны қудалаудан қорғану құқығын айыруды қолдап дауыс берген.

Молдова прокуроры Корнелиу Гурин Филат молдовалық бизнесменнен 250 миллион АҚШ доллары пара алып, оған елдегі 1,5 милилард доллар қаржы жымқырылған үш банктің бірін бақылауға берді деп санайды.

Гурин депутаттарға Филаттың банкте "миллиондаған еуро қаржыны жымқырған алаяқтық жасағанына сенімді айғақтар барын" айтты. Молдованың үш банкінен қаржы 2014 жылы қарашада өткен парламент сайлауына дейін жымқырылған.

2009 жылдан 2013 жылға дейін премьер-министр болған Филат өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG