Accessibility links

Тұрсынбаева Канададағы жарыста алтын алды


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Канаданың Барри қаласында өткен ересектер арасындағы Skate Canada Autumn Classic жарысында алтын алды.

Ол қоссайыс қорытынды бойынша 179,72 ұпай жинап, жеке рекордын орнатты. Күмісті жапониялық Харуке Имаи (174,89), қоланы америкалық Энджела Ванг (172,36) иеленді.

Skate Canada Autumn Classic - ISU (Халықаралық коньки федерациясы) санатына енетін коммерциялық жарыстардың бірі.

Тұрсынбаева осыған дейін Солт-Лейк-Ситиде өткен ересектер арасындағы U.S. International FSС жарысында күміс медаль алған. Енді ол 22-25 қазанда әлемнің үздік спортшыларымен бірге Skate America (АҚШ), 29-30 қазанда Skate Canada (Канада) Гран-при жарысына барады.

XS
SM
MD
LG