Атырауда бүгін Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, ауыр науқастан 68 жасында дүниеден озған Нұрлан Балғымбаевты жерлеу өтіп жатыр. Марқұммен қоштасу рәсімі Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінде өтті.
Балғымбаев үкіметті 1997 жылдың қазанынан 1999 жылдың қазанына дейін басқарған. Бұл қызметіне дейін және одан кейін "Қазақойл" мұнай-газ компаниясын басқарған Нұрлан Балғымбаев 2002 жылы бизнеске кеткен. 2007-2009 жылы Қазақстан президентінің кеңесшісі болды.
Нұрлан Балғымбаевтың есімі «Қазақгейт» ісіне байланысты бірнеше рет айтылған.