Accessibility links

Қырғыз түрмесінен қашқандардың бірі өлді


Алға түрмесінен қашқан төртеу.
Алға түрмесінен қашқан төртеу.

Қырғызстан полициясы Шу облысындағы түрмеден қашқан төрт адамның бірі жұма күні өзін ұстау операциясы кезінде оққа ұшты деп хабарлады.

Қазанның 12-сіне қараған түні Алғадағы 50-түрмеден қашып кеткен төрт тұтқынның бірі Данияр Қадырәлиев жұма күні «Дордой» базарының маңында өзін ұстауға әрекет жасаған полицияға пышақпен шабуыл жасамақ болды деп хабарланды. Полиция оны сол сәтте атып өлтірген.

Аса қауіпті қылмыскер, діни экстремист» деп сипатталған қалған үш адам әлі қашып жүр. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі оларды «Жайшул-Махди» діни экстремистік ұйымының мүшелері деп атайды.

12 қазанға қараған түні Шу облысының Төмөнгу Нооруз ауылындағы №50 түрмеден 9 адам қашып кеткен. Тұтқындарды тоқтату кезінде түрменің үш қызметкері қаза тауып, біреуі ауыр жараланған. Кейін іздеу кезінде бес тұтқын ұсталып, төртеуі қашып кеткен. Түрме қарауылы оғынан жараланған бір тұтқын ауруханаға жатқызылған.

Қырғызстан билігі қашқандардың кейбірі тыйым салынған экстремистік "Жайшуль Махди" деп аталатын ұйымға қатысы бар дейді.

Бұдан соң Қырғызстан шекарада бақылауды күшейтіп, қашқандарды ұстауға "Қолға түсіру" операциясын бастаған. Бұл операция Қазақстанның Қырғызстанмен шектес Жамбыл облысы аумағында да енгізілген.​

14 қазанда Қырғызстан ішкі істер министрлігі қашқандар ел аумағында жүр деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG