Accessibility links

Анкарадағы теракт құрбандарының саны жүзден асты


Анкарада жарылыстар болған жерде құрбан болғандарға қойылған гүлдер. Түркия, 12 қазан 2015 жыл.
Анкарада жарылыстар болған жерде құрбан болғандарға қойылған гүлдер. Түркия, 12 қазан 2015 жыл.

Өткен сенбі, қазанның 10-ы күні Түркия астанасында террорлық жарылыстар кезінде ауыр жараланған үш адам қайтыс болған соң, шабуыл құрбандарының саны 102 адамға жеткен. Бұл туралы жұма күні Түркия бас прокуроры мәлімдеді.

Прокуратора мәліметі бойынша, терактілерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталған. Сәрсенбі күні премьер-министр Ахмет Дәуітоглу күдіктілердің кейбіреуі Сирияда айлап болғанын айтып, «олар «Ислам мемлекеті» террорлық тобымен немесе күрд содырларымен байланыста болуы мүмкін» деп мәлімдеген.

Түркия мемлекеттік телеарнасы «тергеу ісі аясында террорлық шабуылдармен байланысы бар адамдарға қатысты маңызды ақпарат алынды» деген прокуратура мәлімдемесін келтірген.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ел астанасындағы жарылыстарды «арнайы қызмет органдары жұмысындағы кемшілік» деп мәлімдеген соң ішкі істер министрлігі Анкара полициясы, барлау және қауіпсіздік қызметтері басшыларын қызметтен алған еді.

XS
SM
MD
LG