Accessibility links

Ресейлік иесі Forbes журналы саясатты қаузамағанын қалайды


Forbes журналының ресейлік нұсқасының жаңа иесі Александр Федотов.
Forbes журналының ресейлік нұсқасының жаңа иесі Александр Федотов.

Forbes журналының ресейлік нұсқасы бұдан былай саяси тақырыптарды азайтып, одан гөрі экономикалық тақырыптарға арналған мақалаларға басымдық беретін болады. Бұл туралы осы басылымның жаңа меншік иесі Александр Федотов мәлімдеген.

Ол осы журнал мен Axel Springer баспасының тағы бірнеше басылымын германиялық меншік иелерінен сатып алған.

«Біз Forbes журналының редакциялық саясатына араласпаймыз, бірақ, бұл бизнес және экономика туралы басылым болғанын қалаймыз... Ресей үшін бұл тым саяси басылым. Біз оқырмандарымыз үшін қызықты нәрселер туралы жазуға тырысатын боламыз. Олардың саясатқа аса қызықпайтынына сенімдімін» деген Федотов ресейлік РБК бизнес-жаңалықтары порталына.

Ресейде бұқаралық ақпарат құралдарындағы шетелдіктердің меншік үлесі 20 пайыздан аспауын талап ететін жаңа заң қабылданған соң германиялық Axel Springer баспасының иелігіндегі бірқатар басылымдарды Александр Федотовтың ARTCOM Медиа компаниясы сатып алған.

Баспасөз құқығын қорғаушылар бұл заңды Ресейде тәуелсіз хабар таратушылар мен баспаларды шектеуге бағытталған қатаң шара ретінде сынаған.

XS
SM
MD
LG