Accessibility links

Талдықорғанда екі адам құрылыста мерт болған


Алматы облысының аумақтық картасы.
Алматы облысының аумақтық картасы.

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында құрылыс нысанында екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түскен. Бұл туралы бүгін Қазақпарат хабарлады.

Төтенше оқиға бүгін таңертең қаладағы «Арман» зауытын маңында салынып жатқан құрылыста болған. Жергілікті полицияның мәліметінше, сылақ жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар құрылыс нысанының бесінші қабатынан құлап кеткен.

Екі адам оқиға орнында мерт болып, жарақат алған төртеуі облыстық ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайын полиция өкілдері анықтап жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG