Accessibility links

НАТО ірі әскери оқу-жаттығу бастады


НАТО техникасы. (Көрнекі сурет)
НАТО техникасы. (Көрнекі сурет)

НАТО Испания, Италия мен Португалияда 2002 жылдан бергі ең үлкен үш апталық әскери оқу-жаттығуларын өткізіп жатыр. 19 қазан күні басталған Trident Juncture жаттығуларында альянстың жердегі, теңіз бен әуедегі әскери мүмкіндіктерін тексеру көзделген. Сицилиядағы авиабазадағы жаттығуларға 30 елден 36 мыңнан астам әскери және азаматтық қызметкер келген. Шараға 130 ұшақ, 16 тікұшақ пен 60 кеме мен суасты қайықтары қатысып жатыр.

Оқу-жаттығудың командирі неміс генералы Ханс-Лотар Домрезенің сөзінше, одан күтетін нәтиже «НАТО кез келген қақтығыста қарсы тұра алады, НАТО талай сынақтан өткен және НАТО дайындығы жоғары» екендігін көрсету.

Жаттығуларға НАТО мүшесі болып саналмайтын Украина тәрізді елдер мен кейбір әскери ұйымдардың да өкілдері қатысып жатыр. Жаттығудың қалай өтетінін көру үшін Ресей бақылаушылары да шақырылған.

Оқу-жаттығу былтыр Ресейдің Украинадағы әрекетіне НАТО-ның жауабы ретінде құрылған күшейтілген әскердің дайындығын тексеруге арналған.

XS
SM
MD
LG