Accessibility links

Ресей Беларусь кәсіпорындарын тексеріп жатыр


Беларусь-Ресей шекарасында тоқтатылған жүк көліктері. Көрнекі сурет
Беларусь-Ресей шекарасында тоқтатылған жүк көліктері. Көрнекі сурет

19-23 қазан аралығында Ресейдің федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жөніндегі қызметі балық және сүт өнімдерін өндіретін белорус кәсіпорындарды тексеруді бастады. Қызметтің сайтында хабарланғандай, Ресейге мал өнімдерін жеткізу ережесін бірнеше рет бұзған кәсіпорындар тексеріледі. Бұған дейін ведомство белорус кәсіпорындарының өнімдерінде нитрофуран, тетрациклин, метронидазол тәрізді "адам денсаулығына зиянды микроорганизмдер табылғанын" мәлімдеген болатын.

Былтырғы қарашаның соңында ресейлік бақылау қызметі жиырма шақты белорус кәсіпорны өндірген ет өнімдерін Ресей импорттауға тыйым салған. Оның себебін Мәскеу «белорус өнімдерде адам ағзасына зиянды микроорганизмдер бар» деп түсіндірген еді. Беларусь президенті Александр Лукашенко «Ресей Кеден одағы келісімін бұзды» деп мәлімдеген болатын. Кейін Ресей федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жөніндегі қызметі Беларусьтің Калинковичи ет комбинаты өнімдерін жеткізуге салынған тыйымды алып тастаған.

XS
SM
MD
LG