Accessibility links

Писториус үйқамаққа ауыстырылды


Паралимпиада ойындарының чемпионы, оңтүстікафрикалық мүгедек атлет Оскар Писториус.
Паралимпиада ойындарының чемпионы, оңтүстікафрикалық мүгедек атлет Оскар Писториус.

Паралимпиада ойындарының чемпионы, оңтүстікафрикалық мүгедек атлет Оскар Писториус түрмеден босатылып, үй қамаққа алынды.

Оған 2013 жылы өзінің "болашақ жары Рива Стинкампты өлтірді" деген айып тағылған. Кейін ол сот шешімімен бес жылға сотталған еді. Писториус енді күніне бір сағат сыртқа шығу құқығына ие болып, үйқамақта отырады.

Прокуратура соттың бұл шешіміне апелляциялық шағым түсіріп, шағым 3 қараша күні қаралады.

Оңтүстік Африка республикасы заңы бойынша бес жылға және одан аз уақытқа сотталғандарға жазасының алтыдан бір бөлігін орындаған соң кешірілім берілуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG