Accessibility links

Назарбаев Головкинді жеңісімен құттықтады


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Нью-Йорк. 18 қазан 2015 жыл (Сурет Головкин командасының баспасөз қызметінен алынды).
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Нью-Йорк. 18 қазан 2015 жыл (Сурет Головкин командасының баспасөз қызметінен алынды).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеделхатта Геннадий Головкиннің "өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағаны үшін" алғысын білдірген.

Назарбаев хатында «Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз отаның – Қазақстанды лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін» деген.

17 қазан күні (Қазақстан уақыты бойынша 18 қазанда) өткен жекпе-жекте қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

33 жастағы Головкин осымен 34-кездесуінде жеңіске жетті. Кәсіпқой рингтегі 31 жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жеткен қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) дәрежелері бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды және Лемьеге тиесілі IBF дәрежесі бойынша әлем чемпионы атағын иеленді.

XS
SM
MD
LG