Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа бағамы 277,10 теңге болды. Бұл 19 қазан күнгі бағамнан 22 тиын артық. Бүгінгі сауда көлемі - 402,7 миллион доллар.
Валюта айырбастау орындарында долларды 278-278,3 теңгеден сатып жатыр.
Қазақстан теңгенің еркін айырбас бағамына 20 тамыз күні өткен. Билік сол жолы елдің қаржылық жүйесіне тұрақсыздық қаупі төнген жағдайда Ұлттық банктің ішкі валюта рыногына қатысуы мүмкін екендігін айтып, жаңа ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге негізделгенін хабарлаған еді.
Ұлттық банктің валюталық интервенциясы көлемі ол валюта саудасына қатыса бастаған 16 қыркүйектен бері 1,7 миллиард доллардан асқан.