Жапонияның Toyota автоконцерні әйенеккөтергішіндегі ақауға байланысты әлем бойынша 6,5 миллион автомашинасын кері қайтарып алатыны туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлаған.
Ақпаратқа қарағанда, Toyota компаниясы 2005 жылдың қаңтар айынан 2010 жылдың желтоқсаны аралығында жасап шығарған Yaris/Vitz, Corolla, Matrix және Camry модельдерін кері қайтарып алмақшы.
Концерннің мәліметінде Солтүстік Америкада ақауы бар – 2,7 миллионға жуық машина, Еуропадан – 1,2 миллион және Жапонияда – 600 мың автокөлік кері қайтарылатыны айтылған.
Көліктердің кей модельдерінің автоматты әйнеккөтергіш жүйесіндегі ақау кесірінен қысқа тұйықталу пайда болып, от тұтану қаупі бары анықталған. Бірақ әзірше ондай ақау себебінен оқыс оқиғалар тіркелмеген.
Бұған дейін Toyota компаниясы қауіпсіздік жастығындағы ақау бірнеше адамның қазасына себеп болғаны анықталған соң, 10 миллионға жуық автокөлікті кері қайтарып алған еді.