Accessibility links

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы егістік алқабының 99 пайызы, яғни 14 миллион гектар алқаптан бидай жиналғанын мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, елде биылғы науқан кезінде 19 миллион 817 тонна бидай жиналған. Биылғы түсім гектарына 13,5 центнер болған.

Қазақстанның астықты өңірлері - Солтүстік Қазақстан облысында - 5 миллион 400 мың тонна, Қостанай облысында - 4 миллион 800 мың тонна, Ақмола облысында 4 миллион 600 мың тонна бидай жиналған.

XS
SM
MD
LG