Accessibility links

Сот ADAM журналын жабуға үкім шығарды


ADAM журналының соты. Алматы. 22 қазан 2015 жыл.
ADAM журналының соты. Алматы. 22 қазан 2015 жыл.

Алматы қаласы Медеу аудандық соты ADAM журналын жабу туралы прокуратура шағымын толық қанағаттандырды. Судья Тимур Жұмамұратов осыған дейін жабылған ADAM bol журналы мен қазіргі ADAM басылымын және оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын "тұтас БАҚ" деп таныған.

Сот шешімімен ADAM журналымен қоса оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын да жабу туралы шешім шығарған. Сот ADAM журналына ақпарат комитеті берген куәлігінің де күшін жойды.

ADAM журналы сот шешімімен жабылған ADAM bol журналының жалғасы ретінде шыққан. Тамызда Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ADAM журналының шығуын үш айға тоқтату және журналға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу туралы шешім шығарған. Журналға «Тіл туралы" заңды бұзғанды" деп айып тағылған еді.

XS
SM
MD
LG