Accessibility links

ФИДЕ Каспаровты екі жылға шахматтан шеттетті


Гарри Каспаров.
Гарри Каспаров.

Шахматтан әлемнің 13 дүркін чемпионы Гарри Каспаров пен сингапурлық спорт шенеунігі Игнатиус Леонг екі жылға Халықаралық шахмат федерациясында (ФИДЕ) жұмыс істеуден және шахматтан болатын барлық шараларға қатысудан шеттетілді.

Каспаров пен Леонг екеуі 2015 жылы қыркүйекте ФИДЕ этикалық кодексін бұзды деп айыпталған. 2014 жылғы ФИДЕ президенті сайлауында Гарри Каспаров Леонгтан Азия елдері шахмат федерацияларынан өзіне дауыс жинап беруді сұрап, қайтарымына 500 мың доллар беруге келіскен. Каспаров коррупция айыбын мойындамайтынын мәлімдеді.

2014 жылғы ФИДЕ президенті сайлауында Кирсан Илюмжинов жеңген еді.

XS
SM
MD
LG