Accessibility links

Қырғызстанда тағы бір қашқын тұтқын ұсталды


Қырғызстанда түрмеден қашқандардың бірі Еділ Абдрахманов.
Қырғызстанда түрмеден қашқандардың бірі Еділ Абдрахманов.

Қырғызстан билік орындары жақында тергеу абақтысынан қашып кеткен тұтқындардың бостандықта жүрген бірі қолға түскені туралы мәлімдеді. Қырғызстан мемлекеттік жазаны орындау қызметінің хабарлауынша, Еділ Абдрахманов бүгін Бішкек қаласы маңында ұсталған.

29 жастағы Абдрахманов қазанның 12-і күні Қырғызстанның Шу облысындағы Төмөнкү Нооруз ауылында тергеу абақтысынан қашып кеткен тоғыз тұтқынның арасында болған. Тұтқындар қашқан кезде түрме күзетіндегі төрт адамды өлтіргені хабарланған.

Еділ Абдрахманов терроризм және адам өлтірген деген айыптар бойынша сот үкімімен өмір бойғы түрме жазасына кесілген.

Қырғыз билік орындарының хабарлауынша, қашқындардың төртеуі терроризм және экстремизм айыптары бойынша сотталған, олардың екеуі өмір бойғы түрме жазасына кесілген.

Еділ Абдрахманов – түрмеден қашып кеткендерден ұсталған алтыншы тұтқын. Бұған дейді билік орындары үш қашқынның түрмеде «жүрегі нашарлап» және «миына қан құйылып» өлгені туралы хабарлаған еді. Тағы екі қашқын оларды іздестіру кезінде оққа ұшқан. Енді біреуі әлі ұстатпай бостандықта жүр.

XS
SM
MD
LG