Accessibility links

Керри мен Нетаньяху арандатуды доғаруға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху. Берлин, 22 қазан 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху. Берлин, 22 қазан 2015 жыл.

Бүгін Берлинде кездескен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Таяу Шығыстағы жанжалдың өршуіне себеп болған деп санайтын арандатуларды дереу тоқтатуға шақырған.

Керри арандату мен зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырса, Нетаньяху жанжалдың өршуіне Палестина басшысы Махмуд Аббасты кінәлап бұған дейінгі айтқандарын қайталаған. Ол палестиналықтардың израильдіктерге шабуылдарының үдеп кетуіне Израиль мен жанжалға себеп болған қасиетті жердің мәртебесі жайлы туралы «өтірікті таратушы» палестиналық топтар мен Аббасты айыптаған.

Мұсылмандар үшін Мекке мен Мәдинадан кейінгі қасиетті орынға жататын Әл-Ақса мешіті тұрған жердегі Ғибадатхана тауын еврейлер қасиетті жер санайды. Палестиналықтар Израильді мешіттің «статус-квосын» өзгертіп, еврейлердің баратын көпшілік орынға айналдырып, мұсылмандарға ол жерге құлшылық етуге тыйым салғысы келеді деп айыптайды.

Ертең, 23 қазанда Джон Керри мешіт тұрған жерге қатысты даулы мәселені айқындау үшін Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездеседі деп жоспарланған.

Соңғы екі аптада пышақпен шабуылдардан он израильдік қаза тапқан. Мерт болған 47 палестиналық немесе ұлты арап Израиль азаматтарының 26-сы шабуыл жасағандар арасында болған дейді Израиль билігі.

XS
SM
MD
LG