Accessibility links

"Жұлдыз" базарындағы өрттен ондаған дүңгіршек жанған


Алматы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметкері Сандуғаш Баймұхамбетованың Азаттыққа айтуынша, бүгін таңда өртенген "Жұлдыз" базарында 15 сауда дүңгіршегі жанып кеткен.

Департамент өкілі өрттің шығу себебінің тексеріліп жатқанын жеткізген.

Алайда базар сатушылары оқиға орнына барған Азаттық тілшісіне 20 дүңгіршектің жанғанын, өрт самса сататын шағын ас ішетін орыннан шыққанын айтқан.

Бұған дейін төтенше жағдай департаменті өрт 300 шаршы метр жерді шарпығанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG