Accessibility links

Facebook желісінде қазақ тілінде AkordaBaspasoz беті ашылды


Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы. 9 қазан 2015 жыл.
Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы. 9 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісінде AkordaBaspasoz деген атаумен қазақ тіліндегі ресми парақшасын ашты.

«Парақшадағы материалдар мемлекеттік тілде жарияланатын болады. Бұл арқылы елдегі және шет елдердегі қазақ тілді сайт пайдаланушылары үшін Мемлекет басшысының қызметі туралы маңызды әрі қызғылықты ақпараттар алуға мүмкіндік туады» делінген жұма күні осы парақшада жарияланған президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаевтың түсіндірмесінде.

Ал осы кезге дейін қолданыста болып келген AkordaPress контенті орыс тіліндегі жұмыс режиміне көшетіні айтылған.

XS
SM
MD
LG