Accessibility links

Грекияға босып барушылар қарасы көбейген


Грекияның Лесбос аралындағы босқындар лагеріндегі мигранттар мен босқындар аясында бейнеленген Еуропа картасы. 16 қазан 2015 жыл.
Грекияның Лесбос аралындағы босқындар лагеріндегі мигранттар мен босқындар аясында бейнеленген Еуропа картасы. 16 қазан 2015 жыл.

Халықаралық көші-қон ұйымы өткен аптада Грекияға 48 мыңға жуық мигрант барғанын мәлімдеді. Ұйым дерегі бойынша, бұл осы жылы бір апта ішінде тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Жалпы биыл Еуропаға Жерорта теңізі арқылы 681 мыңға жуық мигрант барған.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің (UNHCR) хабарлауынша, Сирияда ресейлік әскери ұшақтары әуеден соққылар бере бастауы және Алеппо қаласы маңында шайқастардың жиілеуі соғыс аймақтарынан босып кеткендер санының көбеюіне әсер еткен.

UNHCR-дің Таяу Шығыстағы директоры Амин Авадтың айтуынша, Сирияда көшіп-қонған адам саны 7,6 миллионнан 6,3 миллионға дейін азайған. Авад мұны Еуропаға босқындардың ағылуымен және санақ мәліметтерінің жеткіліксіздігімен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG