Accessibility links

ДХР «Шекарасыз дәрігерлер» жұмысына тыйым салды


«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы миссиясының операциялар жөніндегі директоры Барт Янссенс. (Видеодан скриншот.)
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы миссиясының операциялар жөніндегі директоры Барт Янссенс. (Видеодан скриншот.)

Украинаның Донецк қаласында ресейшіл сепаратистер «жергілікті заңды бұзғаны» үшін «Шекарасыз дәрігерлер» (Médecins Sans Frontières – MSF) халықаралық ұйымы миссиясының қызметіне тыйым салды. Миссияны аккредитациядан айыру туралы ақпаратты өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасының» (ДХР) өкілі France Press агенттігіне растаған.

Халықаралық миссияның операциялар жөніндегі директоры Барт Янссенс ДХР қабылдаған шешімі топ мүшелерінің «қатты алаңдаушылығын туғызғанын» айтқан.

«MSF аймақтағы ең ірі ойнышы болатын, енді біз адамдарды емдеуді доғаруға тиіс болып отырмыз» деген ол France Press агенттігіне.

Украиналық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы миссиясының өкілдері негізінен Донецкідегі туберкулез ауруханасы мен түрмелерде емдеу жұмыстарын атқарған.

Бұған дейін ресейшіл сепаратистер Халықаралық қызыл крест комитеті мен чехиялық қайырымдылық ұйымының өкілдерін аккредитациядан айырған еді.

«Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымы мен тағы тоғыз ұйымды қыркүйек айынды Донецкімен көршілес Луганск облысынан сепаратистер қуған болатын. Олар Луганскідегі «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымын «психотроптық заттарды заңсыз сақтаған» және Ресейде немесе Украинада тіркелмеген деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG