Accessibility links

Душанбеде тәжік-қырғыз комиссиясы жиыны өтті


Тәжікстан астанасы Душанбе. (Көрнекі сурет.)
Тәжікстан астанасы Душанбе. (Көрнекі сурет.)

Душанбеде екіжақты мәселелерді кешенді түрде қарау жөніндегі тәжік-қырғыз үкіметаралық комиссиясының он төртінші отырысы аяқталды деп хабарлады бүгін Тәжікстан сыртқы істер министрлігі.

«Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, солардың арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жайы мен даму болашағын, құқықтық-келісім базасын одар ары кеңейту, көлік-коммуникациялық, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әріптестікті дамытуды талқылады. Мәжіліс қортындысы бойынша хаттамаға қол қойылды» делінген ресми ақпаратта.

Үкіметаралық комиссия отырысының жұмысына Қырғызстан және Тәжікстанның сыртқы саясат, экономикалық даму, сауда, өнеркәсіп және көлік салалары үшін жауапты министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысқан.

XS
SM
MD
LG