Accessibility links

Лавров: Ресей Сирия оппозициясына жәрдемдесуге әзір


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Мәскеу Сириядағы терроршы топтарға қарсы күресте оппозициялық «Еркін Сирия армиясының» жердегі күштеріне әуеден қолдау көрсетуге әзір деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Ол мұны «Россия-1» телеарнасынан бүгін берілген «Сергей Брилевпен сенбі күнгі хабарлар» («Вести в субботу с Сергеем Брилевым») бағдарламасында айтқан.

Лавровтың сөзінше, егер Мәскеу оппозиция күштерінің дәл қай жерде екені туралы мәліметтер алса, әлгіндей қолдау көрсете алады.

Бүгін Лавров Египет сыртқы істер министрі Самех Шукримен телефон арқылы сөйлескен. Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тараптар Таяу Шығыста терроризмге қарсы күресу және Сириядағы жанжалды саяси реттеу жолдарын іздестіру үшін өзара әріптестікті жалғастыруға келіскен.

Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресте Ресей тарапы конструктивтік жәрдем танытар болса, Вашингтон ондайға оң қарайтыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG