Accessibility links

KASE: Доллар бағамы қайта 278 теңгеден асты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда қорытындысында АҚШ долларының орташа бағамы 278,55 теңге болды. 23 қазан, жұма күні биржадағы кешкі сауда 277, 51 теңгемен жабылған еді.

Қазір валюта айырбастау орындарында долларды 277-280 теңгеден сатып жатыр.

Қазақстан теңгенің еркін айырбас бағамына 20 тамыз күні өткен. Билік сол жолы елдің қаржылық жүйесіне тұрақсыздық қаупі төнген жағдайда Ұлттық банктің ішкі валюта рыногына қатысуы мүмкін екенін айтып, жаңа ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге негізделгенін хабарлаған еді.

Ұлттық банктің валюталық интервенциясы көлемі ол валюта саудасына қатыса бастаған 16 қыркүйектен бері 1,7 миллиард доллардан асқан.

XS
SM
MD
LG