Accessibility links

Мәмбеталин мен Нарымбаевты қолдау пикеті өтті


Белсенді Макс Бокаев Алматы сотының алдында тұр. 26 қазан 2015 жыл.
Белсенді Макс Бокаев Алматы сотының алдында тұр. 26 қазан 2015 жыл.

Азаматтық белсенді Макс Боқаев Алматы қалалық сотының алдында "ұлтаралық араздықты қоздырды" деп қамауға алынған Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты қолдап, жалғыз өзі пикет өткізді.

Пикет екі айға қамалған Нарымбаев пен Мәмбеталиннің апелляциялық шағымын қарайтын сот басталар алдында болды. Макс Боқаев қолына Нарымбетов пен Мәмбеталинді босатуды талап еткен плакат ұстап шыққан.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, прокурор Мақсат Дәуірбаев Боқаевқа "рұқсат етілмеген акция ұйымдастырғаны үшін" ескерту берген.

Полицияның мәліметінше, белсенділер "әлеуметтік желіде (Facebook) ұлттың ар-намысына тиіп, ұлтаралық араздықты тудыратын материал (Мұрат Телібековтікі деген кітаптан алынған үзінділер) таратқан".

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты Алматы қаласының ішкі істер департаменті 12 қазан күні үш күнге қамаған еді. Кейін Алмалы аудандық соты екеуін екі айға қамауға санкция берді.

XS
SM
MD
LG