Тараздағы «Нұр Отан» партиясы ғимараты алдында өзін-өзі өртеген Ерлан Бектібаевты Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылына апарып, қазанның 26-сы күні сондағы зиратқа жерледі.
Ерлан Бектібаевтың жаназасына әкесі, бауырлары, ағайын-туыстары, жерлестері мен жора-жолдастары қатысты.
Ерлан Бектібаев есімді жас жігіттің өзін-өзі өртегені жайлы видео YouTube желісіне қазанның 24-і күні шыққан еді. Ол өзін-өзі өртемес бұрын бұндай жағдайға полиция қызметкерін кінәлап мәлімдеме жасаған. Өртенген азамат Тараз қалалық ауруханасына жеткізіліп, қазанның 24-і күні сол жерде көз жұмған.