Accessibility links

Қостанай экс-әкімінің үйқамағы ұзартылды


Қостанай облысының аумақтық картасы.
Қостанай облысының аумақтық картасы.

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановтың үйқамақтағы уақыты 8 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Қостанай облыстық соты мәлімдеді

Ахметжанов 11 қыркүйек күні «қызметін асыра пайдаланды» және «заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтірді» деген күдікпен қамауға алынған.

Тергеу материалдарында Ахметжановтың «автокөлік құралдарына арналған халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысының тендерін алуға жәрдемдескені» және балабақша құрылысында «жеке бір компанияның мүддесін заңсыз қорғағаны» айтылған.

Ахметбек Ахметжанов Қостанай қаласы әкімі қызметіне 2014 жылы тағайындалған еді. Ал 2015 жылы 8 қыркүйек күні оның «өз еркімен» қызметтен кеткені туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG