Accessibility links

Тұрғын үй салымын кепілдендіру қоры құрылмақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандағы тұрғын үй нарығында үлескерлер салымын кепілдендіретін арнайы қор құрылмақ. Бұл туралы бүгін Астанада «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң жобасын талқылау ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

«Компания тұрғын үй құрылысына қатысты міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жарғылық міндеттерге сәйкес кепілдендіру қоры құрылыс аяқталғаннан кейін үлескерлерге кепілдіктерді ұсынатын болады» деді Досаев.

Министрдің сөзінше, үлескерлер салымына тұрғын үй құрылысын салушыларға қойылатын талаптар арасында ондай тұрғын үй ғимаратын салу тәжірибесі үш жылдан кем болмауы және соңғы екі жылда залалсыз қызмет атқаруы шарт.

XS
SM
MD
LG