Accessibility links

Ауғанстан күштері 140 содырдың көзін жойғанын айтты


Ауғанстан әскерилері. (Көрнекі сурет.)
Ауғанстан әскерилері. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстан әскерінің Гормач аймағында «Талибан» содырларына қарсы жүргізілген операция кезінде 140 содырдың көзі жойылғаны туралы аймақ полициясының өкілі Саид Ого Андароби мәлімдеді.

Оның айтуынша, арнайы операция кезінде «Талибан» тұтқынына түскен ел әскерилері босатылған.

Ауғанстанның Гормач аймағы Түркменстанмен шектеседі. Бұл аймақ он шақты күн бұрын «Талибан» содырларының бақылауына өткен. Содырлар аймақ полициясының басшысы Абдул Маджид Гилембофи мен полицияның 17 қызметкерін тұтқынға алған. Кейін «Талибан» содырлары Гилембофиді өлтіргені белгілі болған. Ал 17 полицейдің тағдыры жайлы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG