Accessibility links

Астанада шетел қазақтарының фестивалі басталды


Астанадағы шетел қазақтарының өнер фестивалі. 29 қазан 2015 жыл.
Астанадағы шетел қазақтарының өнер фестивалі. 29 қазан 2015 жыл.

Бүгін Астанада шетелде тұратын қазақтар арасында халықаралық өнер фестивалі басталды. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өтіп жатқан шараға Қытай, Ресей, Ауғанстан, Өзбекстан, Дания сынды 21 елден алпыстан аса өнерпаз қатысып жатыр.

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған фестивальде жыр мүшайрасы, сурет көрмесі және термешілер сайысы өтеді.

Фестиваль жұма, 30 қазанда аяқталады.

Шетел қазақтарының өнер фестивалі 2011 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

XS
SM
MD
LG