Accessibility links

Назарбаев кәсіпкерлік кодексіне қол қойды


Астанадағы Бәйтерек ескерткіші. (Көрнекі сурет.)
Астанадағы Бәйтерек ескерткіші. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан президенті кәсіпкерлік кодексі жобасына қол қойғаны туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратта жаңа кодекс кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды, соның ішінде кәсіпкерлер мен мемлекеттің өзара іс-қимылын реттеуге, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау және реттеу мәселелеріне бағытталғаны айтылған.

Жаңадан қабылданған кодекс, сегіз бөлім, 34 тарау және 465 баптан тұрады. Онда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының жаңа тәртібі белгіленген. Ал кәсіпкерлік қызметтің салалық түрлері бұрынғысынша арнайы заңдармен реттеледі.

XS
SM
MD
LG