Accessibility links

Египетте Ресей жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Египет билігі бүгін Синай түбегінде Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербургке бара жатқан жолаушылар ұшағы құлағанын хабарлады.

Ресейлік әуе компаниясының иелігіндегі жолаушылар ұшағында, алдын ала мәлімет бойынша, барлығы 224 адам болған. Ұшақпен байланыс үзілгеннен кейін біршама уақыттан соң Синай түбегінен ұшақ сынықтары табылғаны хабарланды.

Ресейдің «Росавиация» мекемесі «Интерфакс» агенттігіне сенбі күні таңертең Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербургке ұшып шыққан А-321 жолаушылар ұшағымен байланыс үзіліп қалғанын растаған.

XS
SM
MD
LG