Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Астанада Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесті. Мұның алдында Керри сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездескен. Кездесу жайлы егжей-тегжейлі хабарланған жоқ.

АҚШ мемлекеттік департаментінің Twitter-дегі аккаунтында хабарлауынша, Мәсімовпен кездесуден соң Керри Америка сауда палатасының өкілдерімен кездескен. Мемлекеттік департаменттің дерегінше, АҚШ-тың Қазақстанға құйған инвестициясының көлемі 19,7 миллиард теңгеден асқан.

Джон Керри бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Керри бұған қоса Назарбаев университетінде дәріс оқиды деп жоспарланған.

Керри Қазақстанға Орталық Азия елдеріне сапары аясында бірінші рет келіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG