Accessibility links

Қазақстан ИМ-ді террористік ұйым деп таныды


ИМ туын ұстап тұрған содыр. (Көрнекі сурет).
ИМ туын ұстап тұрған содыр. (Көрнекі сурет).

Қазақстан "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымын террорлық ұйым деп танып, қызметіне тыйым салды.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің хабарлауынша, ИМ-ды террорлық ұйым деп тану туралы шешімді Астананың Есіл аудандық соты 15 қазанда шығарған.

Қазақстан ИМ-ге дейін 16 діни ұйымды террорлық деп танып, қызметіне тыйым салған. Олардың қатарында "Әл-Қаида", "Өзбекстан ислам қозғалысы", "Шығыс Түркістан ислам партиясы", "Талибан", "Орталық Азия моджахедтер жамағаты" сияқты ұйымдар бар.

ИМ өткен жылы жазда Ирак пен Сирияның біраз аумағын басып алған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев бұған дейін ИМ қатарында 300 қазақстандық соғысып жүргенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG