Accessibility links

ЕО: Ресей Армениямен келісімге қысым жасай қоймас


ЕО-ның Армениядағы делегациясының жетекшісі Петр Свитальский.
ЕО-ның Армениядағы делегациясының жетекшісі Петр Свитальский.

Еуропа Одағының (ЕО) Армениядағы делегациясының басшысы Петр Свитальский Ереванның ЕО-мен саяси және экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасасу жоспары "үшінші жақтың теріс іс-әрекеті салдарынан" орындалмай қалмайтынына сенім білдірді.

"Ресей Армениядан өзіне барынша көп дос табуға мүдделі болуы тиіс. Мен біз жоспарлаған келісім Арменияның тәуелсіз шешіміне сүйеніп қабылданады және біз бұл жолы шиеленіс пен бұралаңдардан айналып өтеміз деп үміттенемін" деді Свитальский Азаттыққа.

Өткен айда ЕО Еуропа комиссиясының Ереванмен екі жыл бұрын тараптар аяқтап қалған ассоциация туралы келісім жасасу туралы келіссөз бастауға рұқсат еткен.

Армения президенті Серж Саргсян 2013 жылы қыркүйекте аяқ астынан ЕО-мен келісімге қол қоюдан бас тартып, Арменияның Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағына мүше болу ниеті барын мәлімдеген. Сарапшылар Ереван бұл шешімді Мәскеудің қысымымен қабылдады деп санайды.

XS
SM
MD
LG