Accessibility links

Ресей ұшағы апатына байланысты көңіл айтты


Ресей елшілігіне гүл қою
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:49 0:00

Ресей елшілігіне гүл қою

Астана тұрғындары ресейлік жолаушылар ұшағы апатына байланысты Ресей елшілігі ғимараты алдына гүл қойып, қайғыға ортақ екендерін білдіріп жатыр.

1 қарашада Астанадағы Ресей елшілігінің залында көңіл айту кітабы қойылып, тұрғындар бұл кітапқа да көңіл айту жазбаларын қалдырған.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қазақстандықтар Алматыдағы Ресей консулдығы алдына да ұшақ апаты құрбандарына гүл қойып, еске алып жатыр.

«Когалымавиа» компаниясының А321 ұшағы 31 қазан күні Египет аумағында апатқа ұшырап, борттағы 224 адам қаза тапқан. Олардың арасында 25-і бала екені хабарланған. AFP агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта апат болған аймақтан 175 адамның сүйектері табылған. Ұшақ апаты құрбандарына туыс 147 адамнан қаза тапқандардың денесін анықтау мақсатында ДНК зерттеуін жүргізуге сынама үлгілері алынған.

XS
SM
MD
LG